Ең ұзын әткеншек

Жапонияда ең ұзын әткеншек орна­тыл­ды. Шеңбер түрінде болаттан жасалған бұл әткеншекке бір мезетте 100 адам отыра алады. Китакюсю қаласында орнатылған әткен­шек Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
«Хибикинада» ойын-сауық орталығынан бой көтер­ген бұл нысанның құрылысына жергілікті билік $1 млн. доллар жұмсаған. Әткеншекке бірінші болып отыру құқығын балалар арнайы ойнатылған лоте­рея­дан ұтып алған. Айта кетейік, алдыңғы рекорд Нидер­ланды саябағындағы әткеншекке тиесілі болатын. Оның ұзындығы – 133 метр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.