Теңiз туралы қызықты деректер

* Жер бетінде 63 теңіз бен 4 мұхит бар.
* Ең таза теңіз – Антарктида жаға­лау­ларын шайып жатқан Уэдделла тең­ізі. Оның түбінде жатқан зат 80 метр тереңдіктен анық көрінеді.
* Ең терең теңіз – Филиппин, оның терең­дігі 10265 метрге дейін жетеді.
* Саргассов теңізі – ең көп аумақты алып жатқан теңіз. Оның беті 7 мил­ли­он шаршы шақырымды қамтиды.
* Аумағы жөнінен ең кішкентайы – Ақ теңіз.
* Ең жылы теңіз – Қызыл теңіз. Ең ласы да сол. Және оған бірде-бір өзен құймайды.
* Ең суық теңіз – Шығыс-Сібір теңізі.
* Теңіз суының құрамындағы бар­лық тұзды сүзіп алса, бүкіл құрғақ жер­дің бетін бірнеше метр қалың­дық­тағы тұзбен жабуға болар еді.
* Теңіз толқындарының биіктігі қырық метрге дейін жете алады.
* Ең таяз теңіз – Азов теңізі, оның терең­дігі 13,5 метрден аспайды.
* Ең көп мемлекетпен шектесіп жатқан теңіз – Жерорта теңізі.
* Теңіздердің түбінде 300-400 градусқа дейін қызған суды ат­қылайтын гейзерлер бар. Бірақ, қысым­ның күштілігінен су ешқашан қай­на­майды.
* Жердің өмір сүруге қолайлы кеңістігінің 99%-ын мұхиттар мен теңіз­дер алып жатыр.
* Ең алғашқы тіршілік теңізде пай­да болған.
* Ең ұзын таулар тізбегі судың астын­да жатыр. 50 мың шақырымды алып жатқан Ортамұхит жоталары бү­кіл планетаны орап жатыр.
* Теңіз суында 20 миллион тоннаға жуық еріген алтын бар.
* Жер бетіндегі ең ірі қалалардың 75 пайызы су жағалауында орналас­қан.
* Қазіргі Жерорта теңізі жатқан аумақ бір кездері құрғақ болған, кейін Атлант мұхитының деңгейі көтерілгенде Гибралтар бұғазы арқылы бір бөлігі осында ағып келген.
* Солтүстік және Балтық теңіз­дерінің сулары, тығыздықтары әр­түрлі болғандықтан, бір-бірімен аралас­пайды.
* Жердегі мұхиттың қойнауына қара­ғанда Марстың беті әлдеқайда көбірек зерттелген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.