Р.ЖҰМАЛЫ: Бiздiң шенеунiктерде қарапайымдылық жоқ

Мемлекеттік қызмет саласында жемқорлық, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық етек алып барады. Жұмысқа тамыр-таныстықпен тұру әлі күнге дейін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Кәсіби деңгейге көп назар аудармай, жағымпаздық критерийі бойынша жұмысқа алу сияқты келеңсіздіктер де толастаған жоқ. Қазіргі біздің қоғамда қаржылық жағдайы жақсы, қымбат көлік мінетін, зәулім сарайда тұратын кімдер? Жастар оған міндетті түрде қарайды. Біздің қоғамда бұл талаптарға толық жауап беретіндер – шенеуніктер. Яғни –  мемлекеттік қызметкерлер. 10 мың долларлаған жалақыны кім алады? Ұлттық компаниялардың өкілдері алады. Жақсы өмір сүргісі келетін жастар, әрине, осыған қарап бағдар алады.

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.