Ш.ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ф.ғ.д., профессор: Ұялы телефонға басымен кiрiп кетедi

Қаптатып университеттер ашып, білімді коммерцияландыру маман сапасын төмендетіп жіберді. Мектепті ілініп-салынып үшке әрең бітіргендерді де оқуға қабылдап, оқуға түскен соң ақша төлеген сондай ілдебай студенттерді сүйемелдеп жүріп бітіртіп, дипломын ұстатып жіберіп жатырмыз. Енді, міне, солар маман ретінде іске кірісіп, кешегі дәптердегі қателерін жан-жаққа таратып, көшеге де шығарып, кітаптарға да кіргізіп, қысқасы, бар салаға енгізіп жатыр. Оның сыртында, балалар кітапты өте аз оқып, технология жетістіктерінің жетегіне еріп кеткендігі тағы бар. Интернетке итініп, телеарнаға телміріп, кітапты ысырып қою жас ұрпақтың тіл байлығын өсірмесі белгілі. Бәріне күйе жаға алмаспыз. Десек те, дәйекті деректерді көшеден көп кездестіресіз. Студенттердің дәрісханаларда, қоғамдық көліктерде, тіпті егде кісілердің той-томалақ пен ауызашарда отырып та өзгенің сөзін тыңдаудан қалып бара жатқанын байқайсыз. Ұялы телефонға басымен кіріп кетеді.

jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.