«Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда

Агенттік пен оның аумақтық департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты — бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету болып табылады. Осы жылдың мамыр айында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысныңы орынбасары Асанұлы Ғанижан өңірдегі бірқатар  бизнес өкілдерімен аталған Жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға қол қойды. Келісімге қол қоюшылардың бірі «A2 Business» серіктестіктің директоры А.Тоқлиев болса, ал екіншісі «Қуаныш» ЖШС-нің директоры И.А.Намазбаева. Департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы өз сөзінде облыстың Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларына Қазақстан аумағында, яғни аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетінін жеткізді. Айта кетейік, бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге келісімге қол қою үшін қосымша ақпарат +7778 905 7777 байланыс нөмері арқылы алуға болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.