Қызыл қыстырғыш

Канададағы Киплинг қаласында орналасқан Paper­clip Cottage дәмханасы – бір жігіттің табыс хикаясынан сыр шертетін тарихи орын. Дәмхананың алдындағы қызыл қыстырғыш ескерткіші – сол оқиғаның басты кейіпкері.
2005 жылы пәтер жалдаудан шаршаған Кайл Макдональд есімді жігіт жеке үйім болса деп армандайды. Шарасыздықтан ол әлеуметтік желі арқылы бір затты одан қым­батына ауыстыратын ойын ойнауды бастайды. Бәрі қарапайым қыстырғыштан бас­талып, 14 сатылы айырбастан өткен соң, Кайл бір жылдан кейін өзінің жеке үйіне қол жеткізеді. Ол үй кейін дәмханаға айналдырылып, «Қызыл қыстырғыш» деген атауға ие болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.