Ең кiшкентай жеңiл көлiк

Жеңіл автокөлік пен мотоциклді қосып жасалған бұл құйтақандай көліктің авторы – неміс инженері Эгон Брюч. Небәрі 14 дана болып шығарылған бұл көліктің бүгінгі күнге дейін тек 5 данасы ғана сақталған.
1958 жылы Германияның Франкфурт қала­сындағы көр­меге шығарылған бір адамдық көліктің ең жоғары жылдамдығы сағатына 35 шақырымды құраған. Ал есесіне 10 шақырымға 2,5 литр жанармай ғана шығындайды. Салмағы – 89 келі, яғни оны қолмен көтеріп, үйдің бір бұрышына сақтауға да болады. Өкінішке орай, өте үнемді бұл көліктің өндірісі 1958 жылы тоқтап қалған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.