Түркiстанның тынысында соны серпiн, тың құлшыныс

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 19 маусы­мында Түркістан облы­сын құру туралы Жар­лыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткені баршаға аян. Апта басында Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қала­сындағы Жастар ресурстық орталығында баспасөз-мәслихатын өткізіп, жиынға келген республикалық БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері алдында жыл жемісін саралап айтып берді.
Небәрі бір жылдың ішінде өңір қарқынды дамудың жолы­­­на түсіп, облыс орта­лы­ғы болған Түркістан қала­сы жаңа тұрпатымен көз қуаны­шына айнала бастады. Оң­түс­тік өңірінің әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуының қарқын алуына ел Үкіметі тара­пынан қабылдаған «Түркістан об­лы­сын әлеуметтік-эко­но­ми­­кал­ы­қ дамы­тудың 2024 жыл­ға дейінгі кешенді жос­­пары­ның» маңы­зы зор бол­ғанын айрықша атап өтуі­мізге болады. Халық­тың тұрмыс сапасын жақ­сарту мақ­сатында облыста ау­қымды жұмыстар атқа­рылып жатқаны айқын болып отыр. Облыста көп­балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөл­шері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103 464 мыңнан астам отбасы өті­ніш білдірген, оның 65 946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайын­­далған.
Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көп­балалы отбасы пәтермен қам­тамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойын­ша барлығы 1724 пәтер тапсыру күтілуде. Жыл қорытындысымен 50 тұр­ғын үй, яғни 2 613 пәтер пай­­далануға берілетін бола­ды.
Облыста 2 қалалық, 4 ау­дандық емхананың құры­лысы және Түркістан қала­сында №3 облыстық пери­ниталдық орта­лығына жап­сарлас 150 орындық пер­зентхана және 900 орын­дық 1 білім ұясының құры­лысы жүргізіліп жатыр.
Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар ая­сында 3315 жаңа жұмыс орын­дары ашылған болса, ол әлі жал­ғасын таба­тын болады. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық дең­гейінің төмендеуіне айтар­лықтай әсер ететіні айқын. Нәти­желі жұмыспен қам­туды және жап­пай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға ар­налған бағ­дарламасын өміршең етудің бары­сында 24 478 адам жұмыспен қамту шара­ларына қатыс­­тырылып отыр.
Облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында ин­женерлік инфрақұрылым, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жаб­дықтау бойынша көптеген өзекті мәселелер шешімін тауып жатыр.
Баспасөз-мәслихатында Түр­кістан облысының әкімі Өмір­зақ Шөкеев облыс орталығын дамытудың барысындағы игі тірліктерді жіпке тізгендей ете отырып: «Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56%-ын газбен қамтамасыз ету жоспарда бар. Сонымен қатар, Түркістан қаласын 83%-ға ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар басталды. Бүгінгі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан бой көтереді. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олим­­пиадалық резерв­тегі спорт мек­тебі, сая­бақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орта­­лы­ғы»,-деді. Дәл қазір Түркістан қаласында туризм саласы бойынша кол­ледж ашу жұмыстары жүр­гізілуде. Және экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленіпті. Соның бірі – Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, «Ұлы Жібек жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығын жасақтау, Шығыс базарын салу­ды аяқтау болып отыр. Мұндағы ауа-райының қолай­лылығы, халықтың еңбек­­­қорлығы – өңірдің инвес­­ти­ция­лық қабілеттілігін көр­сететін басты өлшемнің бірі болып есеп­телінеді. Биыл­ғы жылдың алғашқы бес айында инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты. Облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қам­тамасыз ету мақсатында Түр­кістан қала­сы аймағында радиу­сы 15 шақырымды құрай­тын азық-түлік және жасыл белдеу қалып­тастыру жобасын жүзеге асыру басталып кеткен. Түркістанның әлеуметтік-эконо­микалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының иде­ологиялық негіздемесін қалып­тастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлем­дік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынып жатыр. Оның бірқатары Түркістан облы­сының 1 жылдығы аясында жүзеге асырылу үстінде. Бір жылдық аз ғана уақыт ішінде облыста қол жет­кізілген жетістіктер аз емес. Алдағы уақытта да одан ары қарай ел игілігі үшін атқарылатын қыруар игі істердің өз жалғасын таба беретіндігін сеніммен айтуға болады.

«Қазақстан жолы» – ақпарат

«Қазақстан жолы» газеті №23 (749) 22.06.2019 жыл

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.