Арыс, біз біргеміз: ҚХА Арыс тұрғындарына азық-түлік жинап, қонатын орын дайындауда

«Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жарылыс болған Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлік жинап, қонатын орын дайындауда.

«Бүгінгі жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері біріге отырып, штаб құрып, арнайы Арыс қаласынан көшірілген азаматтардың барлығына көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арыс қаласына Корей мәдени орталығы түске дейін 1 газель толтырылған тағамдар мен су жіберсе, славян мәдени орталықтары 5 автобус пен 2 жүк көлігін жіберді. Штаб құрылғаннан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени орталықтарының барлығы көмекке жұмыла кірісті. Қазіргі уақытта ҚХА өкілдерінің жасақтауымен ашылған 15 орында халық қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдени орталықтар тиісті көмектердің бәрін көрсетуде», — деді ҚХА-ның Шымкент қаласындағы өкілі Мұратәлі Қалмұратов «Арыс, біз біргеміз» атты республикалық арналардан өткен телемарафонда. Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған. Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі   161200

БСН (БИН)    100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540

БСК (БИК)     IRTYKZKA

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.