Қағба туралы қызықты деректер

* Қағба бірнеше рет тұрғызылған. Оның қазіргі көрінісі Ибраһим мен Исмайыл пайғамбарлар тұрғызған кездегі көрінісінен мүлде басқаша. Табиғи апаттар мен бұзылып, қирау­лар­дың нәтижесінде ол осыған дейін бір­неше рет қайта жаңартылған.
* Екі есігі мен терезесі және түрлі-түсті болған. Бір есігі – кіруге, екіншісі – шығуға арналған болатын. Біраз уақыт терезесі де бар еді. Қазіргі таңда тек есік қалған. Бастапқыда қабырғалары қызыл, жасыл, ақ түсті болатын. Оны қара матамен жабу Аббасидтер кезеңінен басталды.
* Кілті меккелік бір әулетке тиесілі. Әуел баста құрайыштар тайпасында болған кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолы­на тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.ғ.с.) кілтті Осман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып саналады.
* Қағба барлығы үшін ашық тұрған. Қазір жылына екі рет, арнайы қонақтар үшін ғана ашыла­тын есік бұрын аптасына екі рет кез кел­ген адам үшін ашық тұратын болған.
* Қағбаны су басып кеткен кездер болған. Қағба таулар мен даланың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, су тасқын­дарымен күресуге мүмкіндік жоқ кезең­дерде оны қаншама рет су басып кеткен. Адамдар жан-жағында жүзіп құл­шылық жасайтын болған.
* Қағбаның ішінде кез келген жаққа бұры­лып намаз оқуға болады. Оның ішкі қабыр­ғалары ақ түсті мәрмәрдан жасалған, еденд­ері де дәл сондай аппақ мәрмәр.
* Екі Қағба бар. Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
* Орта ғасырларда қарматтар сектасы қажылықты «ырымшылдық» деп санап, ондаған мың қажыны өлтіріп, денелерін зәм-зәм құдығына тастап, Қара тасты өздерімен алып кетеді. Оны тек 22 жылдан соң ғана жарылып, сынған күйде қайтарады. Сондықтан қазір шашылып кетпес үшін оны күміс жиектемемен орап қойған.
* Пішіні бастапқыда тік төртбұрышты болатын.
* Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерек. Қағба Аллаға құл­шылық жасағанда қай­да қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас Қасиетті Үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.