Ерекше кинотеатр

Швейцарияда отыратын орындықпен емес, ыңғайлы кере-ует­термен жабдықталған ерекше кино­театр ашылды. Кинотеатр қожайын­дарының айтуынша, мұндай интерьер келушілердің өзін үйдегідей сезінуіне көмектеседі.
Бір VIP-билеттің құны 49 франк (шамамен 19 000 теңге) тұрады. Бұл ақшаға тіске­басарлар мен сусындарға шек­теусіз көлемде тапсырыс беруге болады.
Залға кіреберісте келу­шілерге бірреттік үй тәпішкесі беріледі және әрбір сеанс алдында кереуеттердегі төсек­жаймалар мен жастыққаптар ауыстырылып отырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.