Ең қымбат яхта

History Supreme деп ата­латын әлемдегі қымбат яхта­ның ұзын­дығы – небәрі 31 метр, онда теннис корттары немесе үлкен хауыз­дар, шарап қоймалары мен көлікке арнал­ған шағын гараж да жоқ. Соған қарамастан, оның құны – 4,8 млрд $.
Бұл яхтаны тұрғызуға 100 000кг алтын мен платина жұмсалған. Бұған қоса кеменің бортында ти-рекс динозаврының сүйегінен жасал­ған мүсін бар, сондай-ақ 18,5 карат өте сирек кездесетін алмаз тастарымен безендірілген шөлмектен ликердің дәмін татуға бола­ды. Яхтада небәрі екі VIP-каю­та бар. Бұл ен дәулеттің иесі­­нің есімі белгісіз. Ол шамамен малай­­зиялық байшыкештердің бірі болуы мүмкін деген болжам бар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.