А.Сқабылұлы: Сендер оффшорға тығасыңдар…

Дубайға Алланың рақымы әлі де түсіп тұрған сияқты. Енді ше, елде жұмыссыздық атымен жоқ. Үйленсең үйің дайын. Тусаң ондаған мың доллар ақшаңды тағы береді. Ең бастысы – жемқорлық жоқ. Байлары қомағай емес! Ертең байлығын көрге бірге алып кете алмайтынын жақсы түсінеді. Бұлардың байының да, кедейінің де ПЕЙІЛІ бұзылмаған.
Біз де пендеміз! Біз де Алланың рақымы түскен жерде өмір сүріп жатырмыз. Тек, біздегі ПЕЙІЛ туралы ойласам… Болды ғой! Тойған шығарсыздар, ҚОМАҒАЙ ҚАЗАҚТАР! Бәрібір ана жаққа алып кете алмайсыздар! Сендер оффшорға тығасыңдар…
“21 мың теңгені “ жыр қылып, қайдағы бір сенім, келісім кеңесі деген кезекті бос әңгімені қоздырғанша ПЕЙІЛІМІЗДІ түзейікші!

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.