С.ЕЛУБАЙ: жазушы: Неге соны ойламаймыз?

Дәл бүгінгі таңда мынау ақшаға табынған қоғамда күнкөрісті ойлап зыр жүгіріп жүрген ұл мен қыздың тілі адам шошырлық жүдеу деңгейде.

Тіпті дардай басшылардың да тілі жетісіп тұрған жоқ. Жалпы, халықтың сөзі сұйылып барады. Бір орыс отырса бітті, 100 қазақ  орысша көстеңдей жөнеледі. Сонда мен өңшең құлдарды көргендей боламын. Құл халық қалай азат халық болады? Шұғыл мектеп реформасы болуы керек. Ол жерде бесінші класқа дейін сабақтар түгел қазақ тілінде жүруі тиіс. Бүкіл әлемде солай. Неге Ресей, Жапония, Қытай, Франция бірінші кластан бастап оқу-шыларын үш тілде тәрбиелеп жатқан жоқ? Неге соны ойламаймыз?

sputniknews.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.