Қызықты деректер

* Андорра – пошталық жөнелту қызметі тегін әлемдегі жалғыз ел.
* Көбіне «тор» немесе «нөмір белгісі» деп аталатын # белгісінің шын мәнінде «октоторп» деген ресми атауы бар.
* Самайды саусақпен шұқып айналдыру біраз елдерде «жынды» дегенді білдіреді. Ал Аргентина мен Перуде бұл «мен ойланып отырмын» деген ишара көрінеді.
* Бір жылда 31 557 600 секунд бар.
* Қара түс жылуды жинайды, ал ақ түс – кері шағылыстырады.
* Погонофобия – сақалдан қорқу дерті.
* Ең алғашқы жарнама 1477 жылы Англияда басылып шыққан.
* Бірінші мыңжылдықта 365 250 күн болған. Екінші мыңжылдықта – 365 237. Үшінші мыңжылдықта 365 242 күн болады.
* Әлемдегі ең қымбат үш сауда маркасы: Budweiser, Marlboro, Coca-Cola.
* 2738 жылдың 28 қарашасында біздің дәуіріміздің басталғанына миллион күн толады.
* Тариф – Жерорта теңізіндегі аралдың атауы. Порттағы тұрақ үшін ақы алу осы жерде басталған.
* «Кока-Кола» компаниясының штаб-пәтері Американың Атлант қаласында орналасқан.
* 19 ғасырда қызтекелерді «көгілдір» емес, «жасыл» деп атаған.
* Tide кір жуу ұнтақтары нарығының шамамен 70 пайызын жаулап алған.
* Ежелгі ирандықтар жұмақты «қуырылған доңыз еті көп жер» деп атаған.
* АҚШ-тағы Ақ үйдің қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі – (202) 456-1414.
* Нострадамустың болжамдарында «өлім» сөзі – 139 рет, «соғыс» – 111 рет, «қан» – 89 рет, «от» – 78 рет, «оба» – 42 рет, «аштық» – 38 рет кездеседі.
* Рим санымен жазуға болатын ең үлкен сан – 3999 (MMMCMXCIX).
* Гамильтондағы (Ланкашир, Англия) кесене шіркеуінде ең ұзақ жаңғырықты естуге болады. Ол 15 секундқа жалғасады.
* Ғалымдардың Інжілдегі дәйек-сөздерді сараптай отырып есептеу нәтижесі бойынша, тозақ отының температурасы – Цельсий бойынша 718 градус.
* АҚШ-тың патенттік бюросында қорылмен күресуге арналған 186 құрал тіркелген. Бірақ, олардың бірде-бірінің пайдасы жоқ.
* Бір күнтізбелік айдың орташа ұзақтығы – 30 тәулік, 10 сағат, 29 минут, 4 секунд.
* АК-47 автоматының толық атауы – «1947 жылғы үлгідегі 7,62 мм-лік Калашников автоматы».

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.