Жел туралы қызықты деректер

* Желдің де өзіне тиесілі төл мерекесі бар. Дүниежүзілік жел қуаты жөніндегі кеңес пен Еуропалық жел энергетикасы қауымдастығының бас­тамасымен 2007 жылы 15 маусым – Жел күні болып белгіленген.
* Біздің Күн жүйесіндегі ең жүйрік жел – Нептун ғаламшарында, онда желдің жылдамдығы сағатына 2200 км-ге жетеді.
* Жел тігінен де соғады. Алай­да қозғалыс траекториясының ауы­суынан мұндай жел тез жылдамдығын жоғалтады.
* 1806 жылы әскери гидрограф Френсис Бофорт желдің кеме қозғалысына әсерін анықтау үшін 12 балдық межелікті ойлап тапқан. 1926 жылдан бері метеорологтар, теңізшілер мен ғалымдар осы ме­желікті желдің жылдамдығын өлшеуге қолданып келеді.
* Ботфорт межелігіне сәйкес, біз­ге белгілі дауыл мен тымықтың арасында желдің үшінші түрі де бар. Ол – 8 және 10 м/с аралығында соғатын «таза жел».
* Желдің бағытын, жылдамдығын, күшін бақылау нәтижелері көрсетіліп отыратын кесте «жел тармақтары» деп аталады.
* Торнадо құбылысы кез-келген жерде, кез-келген уақытта туындауы мүмкін, алайда ол көбіне сағат 15:00 мен 21:00 аралығында бой көрсетеді. Құйынды жел әдетте екі минутқа ғана созылады, соның өзінде көп өмірлерді қиып, қаншама зиян келтіріп үлгереді. Дегенмен, ертеректе сағаттап со­зылғандары да болған. Олардың қан­шалықты ойрандап кеткенін елес­тетудің өзі қорқынышты.
* Соңғы жүзжылдықтағы ең қуатты ауа ағынының жылдамдығы 1996 жылы секундына 113 метрге жетіп, рекорд орнатқан.
* Ең қауіпті жел – Антарктидада. Мәселе оның жылдамдығында емес (сағатына 60 шақырымға жуық). Оның қуаты алпыс градустық ылғалды аязбен қосылғанда күшейе түседі. Бір қызығы, императорлық пингвин дәл осындай жағдайда ғана жұмыртқа баса алады.
* Торнадо немесе құйын – жер бетіндегі ең жүйрік жел, оны қуып жету үшін жылдамдығы 100 км/сағ-тан асатын көлікке міну керек.
* 1931 жылы Миссисипиде торнадо 83 тонналық 40 метр пойызды көтеріп кеткен.
* 1274-1281 жылдардағы құйынды желді жапондар «камикадзе» деп атайды. Ол Құбылай ханның әскери флотын түгелдей қиратып, Жапонияны моңғол басқыншылығынан құтқарып қалған.
* Желдің ерекше атаулары да бар. Мысалы, «қарбыз желі» Эгей жағалауындағы піскелі тұрған қар­быздарға соғады. «Дәрігер жел» деп жазғы жеңіл самалды атайды. «Қатынжел» – Камчатка тұрғындары киімдерін кептіретін әлсіз ауа ағыны. «Өлі жел» – Селигер аралындағы шығысқа қарай соғатын жел.
* Архангел батыс желі көбіне жауын-шашын әкеледі, сондықтан оны «Жылауық жел» деп атайды.
* «Маскүнем қисықкөз Боб» – бұл Австралияның солтүстік-батысынан соғатын жазғы найзағайлы дауыл.
* 1780 жылы Кариб аралдарынан жүріп өткен Сан-Каликсто дауылы жер бетіндегі ең үлкен дауыл саналады. Ресми деректер бойынша, ол 22 000 адамның өмірін қиып кеткен. Ал шын мәнінде құрбан болғандар бұдан екі есе көп болған деген болжам бар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.