«Тiк орман» салынады

Итальяндық сәулет­ші Стефано Боэри Мы­сырда текше түріндегі 7 қабатты үш ғимарат тұрғызып, онда «тік ор­ман» жобасын іске асырмақ. Жа­сыл же­лекке көмілетін сәу­­леттік үш­­­тік үкіметтік департа­менттер ор­на­ласқан ауданға ке­ремет көрік бермек.
Жоба бойынша, үш ғимараттың сыр­­­­тындағы бастырма­ларға 100 түрлі сәндік өсімдік, атап айтқанда 350 түп ағаш пен 14 мың түп бұталар отыр­ғызылатын болады. Бұл ауданды абаттандырып қана қоймай, ауасын тазартуға да көп әсер етеді. «Тік орманның» құрылысы 2020 жы­лы басталып, 2022 жы­лы пайдалануға бе­рі­леді деп күтілуде. Бо­лашақта Каир қала­сын алып жасыл мега­полиске айналдыру жос­парланып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.