Киелi жердiң де өз Атымтай жомарты бар

Қазақтың ғана емес, бүкіл түркі әлемінің киелі жеріндей қастерленген Түр­кістан қа­ла­сында ұлттық құнды­лығымызды көздің қа­­­­­ра­шығындай сақтап, ұр­­пақ­­тан-ұрпаққа жеткі­­зу­дің дәстүрі сан ғасырлардан бері үзілмей келе жатқанына жуырда ғана тағы бір мәрте көзімізді жеткізген айқын мысалды көргенде қолға еріксіз қалам алуға тура келді.
Елбасының «Рухани жаң­­ғыру: болашаққа бағ­дар» мақаласында көрсе­тілген рухани қазына­мызды өміршең етуде рес­публикаға үлгі-өне­ге боларлық нақты іс­тер­ді атқарып жүрген Түркістан облыстық ақ­са­қалдар алқасының баста­машылдығымен Түркістан қа­ла­сында ашылған «Әлеу­меттік дүкенге» облыстық мәслихат депутаты, Түр­кістан қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, есімі өңір­ге танымал меценат Мұ­са­беков Базарбай Зубай­дуллаұлының бір тоннадан астам өте сапалы да, жаңадан дайындалған азық-түлік әкеп тапсыруын айрық­ша атап өтуге болады.
Түркістан қаласында тұ­ра­тын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, оның бала-шағаларына демеушілік жасап, оларды киім-кешекпен қамтамасыз ету­­­­­ге, тұрақты азық-түлік бе­ріп отыруға арналған бұл дүкен саяси ойын­ның «показухасына» емес, ұлтымыздың биік бол­­мы­сын көрсетіп тұра­тын имандылыққа, бауырма­шыл­­­­дыққа, жомарттыққа не­гізделген өнегелі тірлік дер едік. Дүкенді көрсеңіз, сенер-сенбесіңізді білмейсіз, бір жері сөгілген, дақ тиіп қалған секілді бүлінген бірде-бір киім таппайсыз. Бір көрген киіміңізді екінші барғанда біреуге беріліп қойғанын бір-ақ білесіз. Бәрі де журналға тіркелген. Келген үлкен-кіші киімнің өзіне шағын таңдап киіп, риза көңілмен шығады. Ал, азық-түлік арзан бағалы, мерзімі өтіп кеткендерден емес, «свежий» екендігі көзге көрініп-ақ тұрады.
Түркістанның береке-бірлігін көрсетіп, ел-жұр­тының ынтымағын айғақ­тап отырған мұндай игі істі ұйымдастырып, оны тұрақты жүргізіп отырудың ауыртпалығын көтерген Түр­кістан облыстық ақса­қалдар алқасы тө-рағасы Ж.Әзіретбергенов пен Түркістан қалалық қо­ғам­дық кеңес төрағасы Б.Мұсабековтың ерен еңбе­гіне еріксіз тәнті боласың.
Есті жанға өнеге боларлық осы игі іске бір кісідей қолдау көрсетіп, қасиетті Түркістан-ның абыройын асқақтатып, қазақтың намысын тік­те­ген түркістандық бауырла­рымызға да шексіз ризалық пен ізгі ниетті жақсылық ті­леуден басқа не айта ала­сың. Бұл – біреулердің «Ырыс алды – ынтымақты» ұраншыл­дыққа айналдырғандай «дежурный» сөзі емес, нағыз шынайы өмірдің шындығы.
Елімізге үлгі-өнеге болар­лықтай игі істің ауыртпалығын көтерген азаматтың бірі Ба­зарбай Зубайдуллаұлы бақ көтере білетін, дәулеттің қа­дірін түсінетін, Құдірет иесінің нығметін жұдырықтай жүрегіне сыйғыза алған зор парасат иесі екендігіне ешкім де шүбә келтіре алмаса керек. Құдайдан қорқатын жандар ғана осындай жолды таңдаса керек. Осыдан жар­ты ғасыр астам уақыт бұ­рын киелі Түркістанның то­пырағында дүниеге келген Базарбай Мұсабеков содан бергі саналы ғұмырын туған жеріне қалтқысыз қызмет етуге, өскен өңірін көркейтуге арнапты. Жиырма жастағы бозым жігіт еңбек жолын Түр­кістан қаласындағы «Казагропром» мекемесінде бри­гадирден бастап, қайнаған еңбектің ортасында жүріп өседі. Жастайынан алғыр да, нағыз еңбек иесі болып қалыптасқан Б.Мұсабеков уа­қыт талабымен келген нарық қатынасының жана­шыл­дығын жатсынбай қа­был­дап, оның қыр-сырын те­рең меңгеруге шындап кі­ріскен кәсіпкердің бірі деуге болады. Ол «Ару ана» шаруа қожалығын құрып, оған 2000 жылға дейін төраға болып қызмет істегенінде ауыл ша­руашылығын дамы­туды бірізділікке түсіріп, қомақты табыс алуға қол жет­кізген. Күндіз-түні ат үс­тінен түс­пейтін еңбекқор жан ізденістерін тиянақты білім алуға бағыттап, 2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лық­­аралық Қазақ-түрік уни­­верситетін бітіріп, заңгер ма­мандығын алып шығады. Б.Мұ­сабеков «Есенгельды и КЛТД» ЖШС заңгері болып істеген. 2000-2010 жылдар аралығында кәсіпкерлікті да­мытуды қарқынды жүргізіп, табысын еселей түсуге қо­лын жеткізе алады. Кәсіп­керлік қызметінің қанатын кеңге жая білген Базарбай Зубайдуллаұлы 2013 жылға дейін «Баянды құрылыс» ЖШС директоры қызметінде болып, бұл саланы да рет­тей білген соң, біріңғай же­ке кәсіпкерлікпен айналы-суға шығады. Оның же­­­­ке кәсіпкерлігінде өмір ты­­­­­­­­­­ны­­­сының сан салалары же­те игеріліп, жоғары еңбек көрсеткіштерімен абырой би­­­і­­гінен көріне бастап, халық қа­лаулысы болып сайланып, отандық наградалармен ма­раптталынып жатты.
Ел сенімін ақтаудың жолында
Елжандылығы ерен аза-мат туған жерді түрлендіруді басты мақсат етіп ұстанып, нәтиже беретін амалдарды жасауға бастамашылдық ете бастады. Түркістан облы­сы, Түркістан қаласына қа­рас­ты алқаптардағы су­ар­­­­ма­лы жерді ұлғайту мақ­­­сатында Сырдария өзе­­­­­­ні­нен машиналық әдіс ар­қы­лы Түркістан магистраль­ды каналына су беру қол­ға алынып, Түркістан магистральды каналының IV кезеңін іске асыруға жә­не республикалық бюджет­тен Түркістан облысы Ор­дабасы ауданы Түркістан магистральды каналын ПКО-00-ден ПК 37170-ға дейін рекон­струкиялау жобасын іс­ке асыру мақсатында құны 500 млн. теңгелік жобаны қолға алуға тікелей ықпал жасай алғандығы баршаға аян. Сондай-ақ Түркістан қаласы ішіндегі шешімін таппаған өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне де үнемі назар аударуды ұмыт қалдырған емес. Түркістан қаласының «Ремзауыт» аймағындағы А.Тоқ­мағанбетов және Құр­­­манғазы көшелерінің тұр­­­ғын­дарының өтініші бойынша аталған көшелерге ор­­­­та­ша деңгейдегі жөндеу жұ­мыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлдіруге ұсыныс өт­кізуге қолын жеткізді. Қа­зіргі таңда атқарылатын жұ­мыстың сметалық құжаттары әзірленіп бітті деуге болады.
Түркістан қаласы қо­ғам­д­ық кеңес төрағасы Б.Мұ­сабеков өткен жылы мемлекеттік мекемелер мен ауыл әкімдерінің, қалалық мәслихат хатшысы мен қа­ла әкімінің жылдық жұмыс есебін тыңдап, талқылап, қортындысында қоғамдық ке­ңес пен оның төрағасы тарапынан әділетті, сындар-лы сыни ескертпелер ай­тылып, орын алған кемшіліктерді жоюдың нақты ұсыныстары жасалыныпты.
Халық қалаулысы Б.Мұ­са­беков өткен жылы Түркіс­тан қалалық «Нұр Отан» пар­тиясы филиалында екі рет жұмыспен қамтуды үйлестіру мәселелері бойынша 37 аза­матты қабылдауды ұйым­дастырып, өзекті мәселенің шешімін табуға ықпал етудің мүмкіндіктерінің бағыт-бағ­дарын бере білген. Және қала тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі бойынша арнайы мамандардың қатысуымен екі күндік «Ашық есік» күнін өткізуді ұйымдастырып, бір­қатар мәселелердің дұрыс шешімін табуына ықпал ете білгенін қала тұрғындары ілтипатпен айтады.
Сондай-ақ, туған өңірінің тыныс-тіршілігін жетік біле­тін нағыз отаншыл азамат Б.Мұсабековтың Бәйдібек ау­данындағы Боралдай өзе­нін­де Қостұра су қоймасын салуға алғашқы бастамашылдықты жасап, оны өміршең етуге табандылық көрсетіп отырға­нын айрықша айта кетуге бо­­ла­ды. Диқаншылықтың жа­йын бала кезінен біліп өсіп, өмір мектебінде мол тәжірибе жинақтай білген Базарбай Зубайдуллаұлының облыс үшін маңызы зор мәселелерді көтеріп жүргені көңіл қуан­тады. Мұндай игілікті іс ел­дің нағыз патриоттарының ғана қолынан келеді. Ха­­лық қалаулысы Б.Мұсабе­ков бес институционалды реформаны жүзеге асу жөнін­­дегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жә­не «Нұрлы жол» бағдар­ламаларын түсіндіру мақса­тында облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспа­рына сәйкес ақпараттық үгіт-насихат тобымен бірлесе жүріп
Отырар ауданындағы Балтакөл, Көлқұдық, Көктө­бе, Маяқұм, Көксарай ел­ді мекендерінде болып, сол аймақтың 6000-ге жуық тұр­ғындарымен кездесіп, ма­ңызды шараға өзіндік үлесін қоса білген.
«Нұр Отан» партиясы Түр­кістан облыстық филиа­лының кезектен тыс XXXII конференциясы аясында «Бо­­­­­лашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасы бо­йын­ша арнайы бекітілген 6 жобаның, яғни «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа есім» жобаларын халыққа тү­сіндірудің насихаттау жұмыс­тарына белсене қатысып, маңызды мәселелердің елге жеткізілуіне өзіндік сүбелі үлесін қоса білген.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №32 (758) 24.08.19 санынан оқи аласыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.