Футбол туралы қызықты деректер

* Көне грек аңызына сенсек, адамдардың бас­ты қызығушылығына ай­нал­ған ойынның пайда болуына махаббат құ­дайы Афродита негіз болған. Ол алғашқы те­ріден жасалған допты Ге­фестке (темірші, от құдайы) арнайы жаса­тып, адамдарға сыйға тартады. Әртүрлі салтқа байланысты доп Күннің, Айдың, тіпті Жердің пішіні ретінде қолданылған.
* Қазіргі футболға ұқ­сас көне ойындар эс­кимостар (тунгатгак), үн­дістер (лакота), Рим, Мысыр, Қытай (цуцзю) және инктер өркение­тінде орын алған. Ал ең көне футбол Қытайда дамыған.
* Ватикан – аумағы небары 44 гектарды құ­райтын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим қа­ла­сының ортасында ор­на­ласқан бұл елде де футбол ойыны өте танымал. Тіпті жыл са­йын Ватикан біріншілі­гі өткізіледі екен. Ел чемпионатына телепош­та, банк, кітапхана, гвар­дия, мұражай қыз­меткерлерінен құралған командалар қатысады.
* Футбол тарихында матчты жүргізіп тұрған төреші өзін ойыннан шет­теткен екі оқиға болған. Ағылшын арбитрлері Эн­ди Уэйн мен Мелвин Сильвестер Ағылшын премьер-лигасы төменгі дивизионының матчы кезінде өздеріне қызыл қағаз көрсетеді. Бірінші төреші қақпашымен тү­сі­ніспестік тумау үшін осылай жасаса, екіншісі футболшымен төбелесіп қалғаны үшін өзіне қызыл қағаз көрсетеді.
* Әйгілі ағылшын жазушысы Артур Конан Дойл кәсіби футболшы болған. Ол Англияның Портсмут футбол клу­бында қақпашы болған.
* 1966 жылы әлем чемпионаты басталуға жақын қалған кезде Англияда уақытша көр­ме­ге қойылған әлем бірін­шілігінің кубогын ұр­­лап кетеді. Трофейді та­бу үшін Скотланд-Ярд қызметкерлері де жұмылдырылады. Ку­­бок бір жұмадан ке­йін табылады. Оны Лон­дондағы орталық сая­бақтардың бірінде ие­­­­­­сі­мен серуендеп жүр­­­­­­­­­­­­ген Пиклс атты ит тауып алады. Сол жы­лы Англияда өткен біріншілікті ағылшын құрамасы жеңіп алып, Пиклс футболшылармен бірге түскі ас ішуге шақырту алады.
* Футзал бойынша Франция құрамасының ойыншысы Али Бендерин екі бірдей клубпен келісім жасағаны анықталып, 91 жылға ойыннан шеттетілген. Енді Али ұлттық ойындарда 2099 жылдың 31 желтоқсанынан кейін ғана өнер көрсете алады. Ол кезде футболшы 122 жасқа толады.
* 1976 жылы 20 наурызда өткен Ағылшын премьер-лигасы матчында Крис Никол есімді футболшы есте қаларлық ойын көрсеткен. Астон Вилла ойыншысы Лестер Ситиге қарсы ойында төрт голдың авторы атанады. Покердің екеуі қарсыластар қақпасына бағытталған болса, қалған екеуі өз командасына қарсы тебілген еді. Нәтижесінде матч 2:2 есебімен аяқталады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.