У.ҚАЛИЖАН, профессор: Кез-келген ұлт өзiн сақтауға тырысады

Экстремизм бізде мүлде жоқ деп ауа жайылуға болмайды. Қазақстанда неше түрлі діни ұйымдардың қаптап жүргені жасырын емес. Мысалы, «Аумсинрикені» алайық. Бұл ағымға әлемде тыйым салынған, сол Қазақстанда бар. Анау Жапониядағы секта Қазақстанға қалай келді? Кришнаиттерді алайық, олардың ішінде радикалды кришнаиттер бар. Қазақтың негізгі діні – ислам діні. Соған қарамастан, біздің Алматы облысының Қарасай ауданында саяжайларды алып алып, кришнаиттердің үлкен колониясы өмір сүріп жатыр. Кез-келген ұлт өзін сақтауға тырысады. Ал Қазақстандағы 4 млн. қазақ мемлекеттік тілде ойлай да, жаза да білмейді. Олардың психологиясын өзгертуіміз керек. Қазақтың тілін дамытуға өзбек, орыс, ұйғыр кедергі болып жүрген жоқ, өзіміз кері тартып жүрміз. Ал сол ұлттардың, тіпті аз ұлттардың өкілдері де өз тілдерін біледі, өздерінің мәдени орталықтарында жұмыс істейді. Ал кейбір қазақтардың өз ана тілінен безіп жүргені көңілге қаяу салады.

«ҚЗ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.