Әлемдегі қымбат кітап

Әлемдегі ең қымбат кітап – Леонардо да Винчидің «Лестерлік кодексі». Атақты шебердің қолымен жазылған 18 парақтан тұратын бұл кітапты 1994 жылы Билл Гейтс 30,8 миллион долларға сатып алған.
Леонардо да Винчидің өзі ойлап тапқан «айналық хат» техникасымен жазыл­ған “Лестер кодексін” тек жарыққа шағылыстыру ар­қы­лы ғана оқуға болады. Онда әйгілі суретші өзінің 1506 жылдан 1510 жылға дейін байқағандарын, ойға түйгендері мен логикалық тұжырымдарын жазып, олар­ды суреттермен, схе­малармен, математикалық есептеулер және сызба­лармен бірге өрнектеп отырған. Ол бұл еңбегін «Су, жер және аспан істері жөніндегі трактат» деп атаған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.