Киімнің құты

Ертеректе Есен­гел­­­ді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол же­ті ата­сы­нан бері бай, мал-жаны мыңғыр­ған адам болса керек. На­ғыз шынжыр ба­лақ, шұбар төс дәу­летті адам екен. Бо­лыс болып, ел де билейді.

Байдың тоқалынан Бе­кей есімді ұлы болып­ты. Бекей орысша са­уа­ты өте жоғары, көзі ашық жігіт екен. Байдың бәйбішеден туған ұлда­ры Бекейдің ел ішіндегі беделін көре алмай, әке­сін ұлына айдап салады. Оған:
– Балаңыз атадан қал­ған дәулетті бей-бере­кет шашып жүр. Ел-жұртқа абы­ройсыз қылып бітті, — деп жамандайды. Оларға иланып қалған Есенгелді:
– Олай болса, маған қандай ақыл бересіңдер? — деп сұрайды.
– Ойбай, әке! Ондай баланың барынан жоғы. Тез құтылғаныңыз жөн, — деп азғырады мы­­сық ті­леу ұлдары. Зұлым­дардың тіліне ерген бай Бекейді мерт қылады.
Бұл оқиға кейін бар­лық жерге әшкере бола­ды. Байдың келіні өте ес­­­ті жан екен. Әкесінің өз ұлының түбіне жеткен­­дігін дәлелдеп, қа­зы-би­лердің алдына жү­­­­­­гі­неді. Бай баласын өл­­­­­тір­­­­ге­­нін мойындап, өкі­не­­­ді. Даудың соңы құнға кеп тірелгенде өжет әйел:
– Еріме құт болмаған дәулет маған бақыт бер­мейді. Бір ғана тілегім бар. Қайын атамның же­ті атасынан бері келе жатқан құндыз жағалы тоны төрінде ілініп тұр. Соны бір аттап өтем. Бас­қа талабым жоқ, -деп­ті. Келіннің өтініші орын­­далады.
Көп ұзамай, Есен­гелді бір жұтта төрт тү­лік малынан тегіс айы­рылып, таяқ ұстап қа­ла­ды. Киелі киімі аяқ­қа тапталғандықтан, бай­дың бағы таяды. Ақыры Есенгелді жоқшылықта, қайыр сұрап жүріп өлген екен. Бұл жағдай киімнің де құты болатындығын, оны басқанда киесі кетіп, шаңырақтан бақтың ұша­тындығын көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.