Ата-ана жауапкершiлiгiн кiм сұрай алады?

Ешкім де сұрай ал­май­ды. Батыстан ал­ған былғанышты «демократиямыз» бәрінің де жолын жауып тастаған. Заңбұзушы­лықтың қылмыстық әреке­тіне дейін барған баланың ата-анасына шара көруге мектеп әкімшілігінің құзыреті бар ма? Жоқ. Әлде, заң органы қызметкерінің құ­қығы бар ма? Жоқ. Қылмыс жасаған баланың әкесінің қызмет орны ата-анаға ша­ра көре ала ма? Жоқ. Жасөспірім оқушы біреуге пышақ салып қанын судай ағызған, тіпті адам өлті­руге дейін барған фактінің негізінде қанішер баланың біреуінің ата-анасы жаза­ланыпты дегенді есіткен адам бар ма бізде? Әрине, жоқ.
Тіпті, ауыр қылмыс жа­саған баланың ата-ана­сының қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту ту­ралы елімізде соңғы 30 жылдың ішінде бір рет салиқалы сөз етіп көріппіз бе? Жарқын болашақ ту­ралы сұлу сөзді төгілтіп тұрғанда, сол болашақтың иесін қалай қалыптастырып жатқанымызға шынайы жа­на­шырлықпен қарап көр­дік пе? Өмір тынысының өзекті мәселелеріне сер­гек­тік таныта алмай, нем­құрайдылықпен «моя хата с краяға» кетіп қалғанымызды бүгінгі ұрпақ көріп те, біліп те отыр ғой.
Әр бала өзінің елдің иесі екенін сезініп, өз Отанының алдында үлкен жауапкершілігі барын білу­мен қалыптасуы керек бол­са, оның бәрі ата-ана­ның басты міндетіне жатады. Ал бүгінде біз сол ата-ананың қоғам ал­дындағы жауапкершілігін ұмы­тып кеткен сияқтымыз. Өйткені, ата-ана 4-5 сағат мектепте болып, қалған 19-20 сағатын өзімен бір­ге болатын баласының тәр­биесін мектепке арта салуға дағдыланды. Қара­ңыз­шы, балалар арасын­да қылмыстық әрекет жа­салынып, бір «шу» шығып қалса, оның хабары тиіп, оқиға орнына келген по­лиция қызметкері оқушыға «сынып жетекшісі кім, ди­ректоры кім, оның тәрбие-ісі орынбасары кім?» де­ген сұрақпен басталған тексеру кезінде «ата-ана­сы кім, қайда тұрады, не жұмыс істейді, әке-ше­шесін білесіңдер ме?» де­ген бірде-бір сұрақты есіт­пейсің. Оқушы жасаған қыл­мыстық істің тексерілу барысында РОВД мен мек­тептің арасын тоздырып мұ­ғалімдер жүреді. Ол жерде күйзеліп жүрген ата-ананы көрмейсің.
Бұл күндері мектеп оқу­шыларының арасында­­ғы қылмыстық заңбұзушылық­тың жойылмай келе жат­қанын ата-аналардың жа­уапкершілігінің жоқтығынан деп анық айтуға болады. Баласы адам өлтірген ата-ананың жазаланды дегенін есіткендеріңіз бар ма? Біздің ата-аналарымыз бала тәрбиесінің жауапкершілігін сезінбейді десек қателес­пейтін шығармыз. Соның жарқын бір мысалын жу­ырда ғана Шымқаланың қақ ортасынан көруге тура келді. Жаңа оқу жылының басталғанына апта өтпей жатып №65 мектеп-гимна­зиясы мен №46, №38 мектептің жоғары сынып оқушылары арасындағы «разборкада» пистолет пен шолақ мылтық қолдануға дейін барды. Бір оқушы атылған оқтан ауыр жара­ланып, өлмей әйтеуір аман қалған.
Оқушылардың суық қару жұмсауымен қан төгілді. Есіткен жанның төбе шашын тік тұрғызатын сұмдық. 30-40 оқушы улаған-шулаған еткен жерде небәрі үш бала ғана күдікті болыпты-мыс. Оқ атылды, пышақ жұмсалды, адам қаны төгілді. Тура бір кәдуілгі көріністей қабыл­дадық. Өзіміздің «шымкент­шелеуіміздің» ар­қа­сында 3 оқушы «бөжей» де, қалғанының бәрі сахналық көріністің көрермендері бо­­­лып шыға келіпті. Ал, ө­скелең ұрпақтың тағды-рына шын жанашырлық бұлай жасалмаса керек. Шымкент­ті «селк» еткізерлік бір адамның үні шықпады. Әлеуметтік желілер оқыр­манға «қы­зықты хабарды» жары­са жазып жатқанда ел намысын, имандылықты, ата-ана жауапкершілігін ауызға алмағаны таңданыс ту­дыр­мады. Біздің бүгінгі «өлі-сүйектігіміздің» зардабын өс­келең ұрпағымыз тарт­па­са болғаны дегенді ой­лайтын жан елде та­был­майтын сияқты. Ұлты­мыздың болашағын сақ­­тай­тын ұрпақтың тәрбиесі бүгін­де ешкімді қызықтыр­май­тындай. Өркениет көші­мен келген келеңсіздіктер де жетерлік.
Дәл қазір бала тәр­биесіндегі ата-ана жауап­кершілігін күшейтудің уақы­ты жетті. Не істерін біл­­мегендіктен «ГАИ-дың» ала таяғын алып қою­ға, біресе қайтарып бе­руге заң қабылдайтын біздің парламенттің «да­нышпан» депутаттары ұр­пақ тәрбиесінің өзекті мәсе­лелеріне назар аударса болмай ма? Қалай дегенде де, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігін күшейтуді қарастыратын уа­қыт жетті.

Әділ Мұратбеков

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.