Ел Президенті Қытайға барды

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысуға Қытайға іс-сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Тө­ра­ғасына Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізуде:
– Біздің кездесуіміз ҚХР-дың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Осы сәтті пайдаланып, Сізді және тұтас қытай халқын айтулы датамен құттықтағым келеді. Қытай бұл мерейтойға әлеуметтік-экономикалық және саяси даму тұрғысынан зор жетістікпен жетіп отыр. Осы оқиға тек Қытай Халық Республикасы үшін ғана емес, күллі әлем үшін тарихи мәнге ие деп ойлаймын. Сіздің мемлекеттің дамуы дү­ниежүзінің жіті назарында,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Пленарлық мәжіліс барысында «CITIC Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің Қытай тарапынан тең төрағасы Чан Чжэньмин, «Самұрық Қазына» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңе­сінің Қазақстан тарапынан тең төрағасы Ахметжан Есімов, сон­дай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жа­саған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қа­ласына келді.
Қазақстан Президенті Ханч­жоуда әлемдік нарыққа иннова­циялық өнімдерді шығаратын көш­басшы «Hikvision» компания­сына барды.
Компанияның Басқарма төра­ғасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компа­ния­сының қызметі туралы айт­ты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммер­циялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойын­ша Қазақстан тарапының өкілдері қытайлық бизнесмендермен бірқа­тар коммерциялық келісімдерге қол қойды.

“Қазақстан жолы” – ақпарат

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.