Буыныңыз сырқыраса

Буынның сырқырағаны қандай болатынын өз басынан өткергендер жақсы түсінер. Оған қоса тізе, иық, шынтақ пен білек қоса ауырса, жаның көзіңе көрінері анық. Бұл, әсіресе, күнұзақ компьютер алдында отыратындарға тән нәрсе. Мұндай дерт, сонымен қатар, 45 жастан асқан адамдарға да жақсы таныс. Әрине, буын ауруларының себептері әртүрлі болуы мүмкін, айталық, артық салмақ, сүйектегі сынықтар, құяң, т.б. Дегенмен, осы жайсыздықтан құтылудың да жолы бар екен.
Әрине, буынның сыр­қырауын түбегейлі жою үшін ең алдымен оның себебін анықтап, ағза­ның негізгі мүшесін ем­деу керек. Ал оған дейін ауруды басуға мына төмендегі емшара көмектесе алады.
Дәріні дайындау үшін 1 ас қасық бал, 1 ас қасық ащы қыша, 1 ас қасық ұсақ тұз, 1 ас қасық суды біртекті қоймалжың болғанша әбден араластырыңыз. Сосын осы қоспаны кішкене бос құтыға са­лып қойыңыз да, керек уақытында қолдана бе­ріңіз.
Бұл дәріні қолдану­дың да өз тәсілі бар. Буыныңыз сырқырай бас­тағанын сезсеңіз, де­реу құтыдағы қоспаны жағып, бетіне пластик пакет жабыңыз да, үс­тінен жылылап орап қо­йыңыз (жүннен тоқылған бұйыммен ораса тіпті жақсы). Осылайша бір жарым-екі сағат ұстаған соң, шешіп алуыңызға болады. Бұл емшараны ұйықтар алдында жа­са­ғаныңыз дұрыс, сонда емшарадан ке­йін буындарыңыз «дема­лып» қалады, әрі босаған буындарыңыздың қай­та суықтау қаупі де аз. Ал жақпамайды таңертең жуып тастаңыз.
Бұл емшараны 4-5 күн қатарынан жаса­ңыз. Оның әсерін бірін­ші қолданғанда-ақ бай­қайсыз, сондықтан, сізді екінші қайтара үгіттеудің қажеті де болмайды.
Тек есіңізде болатын бір нәрсе, қоспаны то­ңазытқышта сақтау ке­рек және 5-6 күннен ар­тық ұстамаңыз, әйтпесе пайдасынан зияны көбірек болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.