Спорт туралы қызықты деректер

* Бокс спорт түрі ретінде тек 1900 жылы ғана заңдасты-рылған.
* Барлық әлем чемпио­наттары­на қатысқан жалғыз ел – Бразилия.
* Көп адам ойлайтындай, дзюдода 10 емес, 12 дан бар. Бірақ, әлі күнге 11-ші данға ие болған ешкім жоқ. Ал 12-ші данды тек бір адам – дзюдоның негізін қалаған Дхигаро Кано ғана алған.
* Хоккейдегі қақпашының бетпердесі ең алғаш 1936 жылы Берлинде пайдаланылды.
* Майк Тайсон өзінің кәсіби рингте өткізген 51 матчының 21-ін бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтаған.
* Үстел теннисіне арналған кішкентай доптың салмағы – 2,5 грамм.
* Стэнли кубогының жеңімпаздарына кубоктың көшірмесі тапсырылады, ал түпнұсқасы Торонтодағы Хоккей даңқы залында сақталады.
* Detroit Free Press жүргізген зерттеулер бойынша, кәсіби хоккейшілердің 68 пайызы мұз айдынында тым болмағанда бір тісін жоғалтқан.
* Ватикан құрамасы өз тарихында тек бір рет қана халықаралық матч өткізген. Монако құрамасымен болған бұл айқасы 0:0 есебімен аяқталған.
* Чемпиондар лигасында ең көп жеңіске жеткен – Реал (Мадрид). Ол 9 рет кубокка ие болған.
* Әлемдегі ең биік баскетболшы – Сун Минмин (Қытай). Оның бойы – 236 см, салмағы – 152 кг.
* Шахматтағы алғашқы он жүрісте ойынның 170 000 000 000 000 000 000 000 000 жолы бар.
* 1936 жылы үстел теннисі бойынша
турнирдің ашылуында поляк Алекс Энрлих пен
румын Панет Фаркаш 2 сағат 12 минут бойы
бір доппен ойнаған.
* Ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанған ең жас спортшы – Ямайка тұрғыны Джей Фостер. 1958 жылы жеңіске жеткенде оның жасы 8-де болған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.