ТҮРКІСТАН: МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ОТЫРАРДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ ШЫҚТЫ

Бүгін «Сапалы жол — Түркістан Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен Түркістан облысының Отырар  ауданында мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған жергілікті жолдарға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Автокөлік  жолдарының сапасын сараптау мақсатында  жүргізілген  қоғамдық бақылау жұмыстарына «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  менеджері Ерұлан Тұңғышбаев, аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, жол саласына жауапты бөлім басшысы Құдайбергенов Асылхан, аудандық арнайы мониторингтік топ мүшесі «Адалдық елшісі» Сәрсеков Ғалымжан, аудандық «Nur otan» партиясы филиалының консультанты Сейілбек Сейітнасыр, «Халық ақпарат» газетінің тілшісі Тойлыбай Қымбатай және жол  сапасы зертханасы мамандары және жауапты  мердігер компания басшылары қатысты.

Жоғарыдағы азаматтардың қатысуымен аудан орталығы Шәуілдір және Отырар ауылдарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан жолдардың сапасы тексерілді.

Мониторинг барысында жылжымалы жол зертханасы арқылы  жаңадан салынған 5 көшеден, атап айтсақ, Отырар ауылдық округіндегі «Егемен» және Шәуілдір ауылдық округіндегі Е.Әнетбеков, Ә.Көкішов, Б.Жылқышиев және С.Дәрібаев көшелерінен сынама алынды.

Тексеру нәтижесінде мониторинг жүргізілген асфальт төсенділерінің және суағарлардың сметалық құжатта көрсетілген құрылыс  талаптарына  сай жүргізілгені  анықталды.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, Алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.