АРЫСТА «ALTYN KÚZ – 2019» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYN KÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Тартысты додада Волейболдан І орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Мақтарал ауданы жеңіп алды. Кіші футболдан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ орынды Сайрам ауданы ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.