Талғат ТЕМЕНОВ: Неге біз осы ауылдан айрылып барамыз?

Неге біз осы ауылдан айырылып барамыз?

Мал саны 2-3 есеге азайған. Біз айта беретін Америкада, әсіресе Австралия әлемде бірінші орында. 180 млн. мал бар және дүние жүзіне экспортқа мал етін шығарып отыр. Оларға қарағанда осы мал бағу, төрт-түлік өсіру бұл біздің ата-бабамыздан қалған кәсіп емес пе? Неге біз осы ата кәсіпті жоғалтудың алдында тұрмыз?

Өзі қалада тұрып, кезінде жер-жерді сатып алғандар ауылды қалай көгертпек? Былай қарасаң бәрі –«крутой». Бірақ қайсысының жаны ауырып сол ауылдың қамын ойлап жатыр дейсің?!

Қазір бізге шет елден миллиондап инвестиция келіп жатыр. Бі­рақ соның қанша пайызы ауылға жетті? Әлде орта жолда ұстағаннның қолында, тістегеннің аузында кетіп, әкімқараның таныс-тамырларымен жоқ бола ма? Мен білмеймін. Бірақ білетінім, бір-ақ нәрсе… Ол дәл қазір ауылда ауыл шаруашылығын көтеру мәселесін ертеңгі ұзын арқан, кең тұсауға қалдыруға болмайды.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.