ТҮРКІСТАННЫҢ РУХАНИ КЕРУЕНІ

Жақында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістанның руxани керуені» тақырыбындағы брифинг өтіп, аталған шараны басқарма басшысының орынбасары Қ.Абуов жүргізіп отырды.

Облыс тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін күшейтіп, жат діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымын насихаттауды мақсат еткен брифингтің маңыздылығына тоқталған Қ.Абуов жобаға елімізге белгілі спортшылар мен облысымыздан түлеп ұшқан өнер жұлдыздары қатыстырылатынын айтты. Олар аталған рухани керуеннің көшін бастап, облысымыздың барлық аудан-қалаларында тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «Түркістанның рухани керуені» тақырыбындағы кездесулерді бірқатар қала, аудандарда, сондай-ақ Түр-

кістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде

өткізу жоспарланып отыр,

— деген Қ.Абуовпен қатар еркін күрестен еліміздің 4 дүркін чемпионы А.Таңатаров,

бокстан әлем чемпионы Б.Жақыпов, белгілі балуан Ж.Ерсұлтанов сөз сөйлеп, аталған шараның маңызды-лығын атап көрсетті.

«Жамбыл облысынан арнайы шақыртумен келдім. Қазіргі таңда Тараздағы облыстық №5 спорт мектебінің директорымын. Қазақстанның барлық облыстарын дерлік аралап шыққанмын. Түркістан облысына жолым енді түсті. Жаңа жоба аясында біз өңірдің аудан, қалалардағы жастарымен кездесеміз. Өзіміздің ағалық ақылымызды айтып, балаларды дұрыс жолға бағыттаймыз, шеберлік сабақтарын өткіземіз», -деді Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров.

Расында да бұл рухани керуеннің алыс ауылдардағы жас таланттарды қолдауда айтарлықтай септігі тиетіні анық.

Ал Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде өткен екі күндік оқу лагеріндегі іс-шара Жастар жылын қорытындылау мен келесі Еріктілер жылын қолдау аясында ұйымдастырылды.

Оқу лагеріне облысымыздың барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200-ге жуық еріктілер ұйымының көшбасшылары келді.

Іс-шара барысында жастарға еріктілік пен жобаларды басқару, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, т.б. бағыттар бойынша сабақтар өтілді.

Тренингке Түркиядан келген халықаралық тренер-коуч А.Рамазанов, Шымкент қаласынан, доцент Д.Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері Л.Бурлаченко қатысып, жастардың біліктілігін арттырып, жас буынмен жүргізілетін жұмыстың жаңа меже-міндеттерін айқындап берді.

Ұ.Өскен.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.