Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА, қоғам белсендісі: … барлық азаматтардың құқығы бірдей болуы керек

Дәл қазіргі жағдай қайта құруды қажет етіп тұр. Екінші – барлық азаматтардың құқығы бірдей болу керек. Жасыратыны жоқ, қазір біздің елде шенеуніктердің өз заңы бар. Содан кейін партия қатарында болмасаң, не мәжіліске, не мәслихатқа кіре алмайсың. Бұл екеуіне кіре алмасаң, мемлекеттің заң-жобаларына араласа алмайсың. Қазақстанда барлық азаматтардың құқығы бірдей болуы керек.

Бәрі еліміздің жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырса, соңғы жылдары Өзбекстанмен салыстыратын болдық өзімізді. Тіпті, жастарымыз «Еуропаның қай еліне көшіп кетсек екен»  дейтін болды. Ол құпия емес. Алайда біздің мемлекетте бәрі бар. Жеріміз кең. Жер асты байлығымыз мол. Мұнай мен газ, уран, алтын мен көмірдің ең бай қоры біздің мемлекетте ғана бар. Мал шаруашылығына да, егін шаруашылығына да қолайлы ауа райымыз, жер жағдайымыз жеткілікті. Бірақ халық бәріне немқұрайдылықпен қарайды. Сайлауға да, басқаға да жауапкершілікпен қарамаймыз.

«ЖҚ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.