ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТӨМЕН БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  «Сапалы жол — Адалдық алаңы»  аясында  Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласындағы аудандық маңызы бар  КХТЛ-33 «КХТЛ-31-КХ35- Ақайдар Екпінді» көшесі және  КХТЛ-31 «Ленгер КХ-82 Шымкент – Сайрам-Қасқасу-Шымкент» көшелерінде жалпы  ұзындығы  9,3 шақырым болатын жолдан сынама алынып, мемлекет бюджеті есебінен салынған жолдардың сапасы тексерілді.

Мониторингтік жұмыстарға аталмыш жобалық кеңсенің менеджері Е.Тұңғышбаев пен облыстық «Ұлттық  жол активтері сапасы  орталығының» мамандары, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің басшысы Н.Оспанов және «Мир Строй и Компания» ЖШС техникалық қадағалаушысы Т.Сүлейменов,   аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиялық бақылау комиссиясының  төрағасы  Р.Сайлауұлы,  мәслихат депутаты  Н.Құлышев пен Арнайы мониторинг топ мүшесі Ж.Амангелдиев, сондай-ақ аудан әкімінің  баспасөз  хатшысы  А.Айнабаев пен мердігер компанияның басшылары қатысты.
Төлеби ауданына жүргізілген мониторингтік бақылау жұмысының нәтижесінде, асфальт-бетон жамылғысында жол төсемінің тегістігі сапасыз екендігі және жол жиектері үгітіліп, бүгінгі күні жол төсемінің қосылған жерлерінде біркелкілік жоқ екендігі анықталды.
Кемшіліктерді тез арада қалыпқа  келтіру үшін тиісті мердігер мекемелерге ескерту жасалып, сапасыз салынған жолдардың құрылысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта облысымызға қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.