ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Түркістан қаласында бой көтергелі отырған облыстық 630 орындық көпсалалы аурухананың капсуласын қалауға ҚР Премьер –Министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов арнайы қатысты.  Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны — 100  млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.  Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көпсалалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат, қатерлі ісік аурулары сынды медициналық көмек көрсететін бөлімдер жұмыс істейді. Барлығы да сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін заманауи медициналық құрал жабдықтармен толық қамтылатын болады

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.