«TurkistanBike жүйесінің іске қосылуы және сату бөлімінің ашылуы»

Түркістан қаласында «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры бастаған «TurkistanBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өз жұмысын бастады.

Жобаны тесттік режимде іске қосу аясында «Velocity.kz» қоғамдық қоры қала аумағында 40 велосипедке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 5 велостанса орнатты және сату орталығының жұмысын іске қосты. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала үшін арнайы тарифтік жоспарлар әзірленді, соның арқасында жүйе барлық қала тұрғындарына қолжетімді болады. Әрбір стансада велостансалардың орналасқан мекен-жайлары және пайдалану тарифтері бойынша ақпарат орналастырылған.

«Turkistan Bike» велопрокат жүйесінің қызметін сату кеңсесінде жеке куәлікті ұсыну арқылы тіркеуден өткеннен кейін пайдалануға болады. Айлық абонемент құны-500 теңге, шоттағы ең аз теңгерім мөлшері-500 теңге.

Абонемент іске қосылғанда, пайдаланушы қосымша шығынсыз ұзақтығы 30 минуттан аспайтын кез келген сапар жасай алады. Яғни, егер абонент велосипедті бір стансадан жалға алса, онда оны 30 минут өткен соң басқа стансаға тапсыруға болады. Көрсетілген уақыттан асқан кезде, уақыт бойынша ақы төлеу қосылады:

1 сағат — 100 теңге, 2 сағаттан — 250 теңге, 3 сағат — 500 теңге, одан әрі әрбір келесі сағат — 1000 теңге.

Қала қонақтарына немесе сату кеңсесіне баруға мүмкіндігі жоқ қалалықтарға СМС арқылы пайдалану опциясы қол жетімді.

Сату офисінің мекен-жайы:  Н. Назарбаев даңғылы, пирамида түріндегі ғимарат.

Анықтама қызметінің телефоны 8-701-909-80-60

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.