АУДАН ӘКІМІ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

6 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Прокуратура күні аясында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков пен Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қораушылары, азаматтардың бостандығы мен Конституциялық құқығын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтардың сақталуына, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, Сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауапкершілікті талап етеді. Алдағы уақытта да Прокуратура қызметкерлері өз Конституциялық міндеттерін адал және дұрыс атқаратынына сенім білдіре отырып, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!» — деді Бақыт Насырханұлы.

Жалпы мерекелік жиында аудан прокурорынан бөлек, белсенді қызмет етіп жүрген аудандық прокуратураның бірнеше қызметкерлері аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, жиын барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров сөз сөйлеп, тәртіп пен заңды сақтап отырған лауазым иелеріне өзінің ыстық ықыласын жеткізді.

Айта кетейік,  ағымдағы жылы Мақтаарал ауданының прокуратурасы орын алған заң бұзушылықтар бойынша 35 прокурорлық шара көру актілерін қолданып, нәтижесінде 5 мыңнан астам адамдардың Конституциялық құқықтарын қорғап шыққан. Сондай-ақ, мемлекетке 60 миллион теңгеге жуық қаржылар мен мүліктерді қайтарған.

Аудан прокуратурасы тұрғындардың проблемалық сұрақтарын зерделей келе коммуналдық, ауыл шаруашылық салаларындағы заң бұзушылықтарды   анықтап, оларды жою  және тұрғындардың құқықтарын қорғау мақсатында белсенді жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, мақта қабылдау зауыттарының шаруалар алдындағы 115 миллион теңгеден астам берешек қарыздарын қайтаруға ықпал етіп, нәтижесінде шаруалар прокуратура қызметкерлеріне өздерінің үлкен ризашылықтарын білдірген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.