«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» МАҢЫЗДЫЛЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ

Жуырда “МӘҢГІЛІК ЕЛ” қоғамдық бірлестігі мен Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Қоғамдық-саяси тұрақтылық, этносаралық татулық, салт-дәстүр, аға буынның өнегелік істерін насихаттау және ұрпақтар арасында сабақтастықты дамыту, “Достық керуені”  тақырыбындағы конференция өтті.

Конференция барысында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сүлейменов Төрехан баяндама жасап, іс-шараны жүргізіп отырды.

Сонымен қатар, Түркістан облысының түрлі этнос өкілдері, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Бациев және «ProMentor» ЖШС-ның директоры Асылбек Жамалов, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган, ауыл әкімдері, білім, денсаулық, спорт, мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, этно-мәдени орталық өкілдері, қалалық қоғамдық және ардагерлер кеңесі, қалалық ақсақалдар алқасы, әжелер алқасы, аналар кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Іс-шараның мақсаты қоғамдық-саяси тұрақтылық, этносаралық татулық, салт-дәстүр, аға буынның өнегелік істерін насихаттау және ұрпақтар арасында сабақтастықты дамыту болатын. Сондай-ақ конференцияға қатысушылардың ұсыныстары мен ой-пікірлері сараланып, талқыланды.

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамыту бағытында Үндеу қабылданды. Жиын соңында ұрпақтар арасында сабақтастықты дамыту, ұлттық құндылықтарды, аға буынның өнегелік істерін, бірлік пен ынтымақты насихаттау, жастарды адами құндылықтарға тәрбиелеу, этносаралық татулықты нығайту бағытында үлес қосқан бірқатар азаматтар қала әкімінің Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С.ҚАЗЫБЕК.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.