ЖОРАБЕКОВТЕР ӘУЛЕТІ «ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ» АТАНДЫ

Таяуда “МӘҢГІЛІК ЕЛ” қоғамдық бірлестігі мен Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі” атты отбасылық байқау өтті. Бұл кештің басты мақсаты отбасы институттарын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау болып табылады. Байқауымызға Жаңа Иқан ауылдық округінен Мадиомаровтар әулеті, Шорнақ ауылдық округінен Мауленовтер әулеті, Бабайқорған ауылдық округінен Төлежановтар әулеті және Хантағы ауылынан Жорабековтер әулеті қатысып, бақ сынасты. Байқау өз отбасын таныстыру, салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша көрініс, отбасылық өнерін көрсету және сұрақ-жауап кезеңдерінен тұрды. Бар­лық қатысушылар байқауға ерекше дайындықпен келіп, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде барлық кезеңнен сүрінбей өткен Жорабековтер әулеті жеңіске жетті. Байқауға отбасында ғана емес, қоғамда да үлгілі бола білген азаматтар төрелік етті.

С.ҚАЗЫБЕК.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.