ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ РОМАН СКЛЯР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкіметтің жұмыс тобы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Биыл қолданысқа берілетін ғимараттардың құрылыс барысы бойынша күнделікті мониторингілеу нәтижесінде құрылыс компаниялары жұмысшылар санын көбейтіп, екі ауысымды жұмыс кестесіне көшті. Сонымен қатар, Түркістан өңіріндегі көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын наурыздың 10-на дейін толық аяқтау жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.