МАҚТААРАЛДА 5 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 39 елді мекенде 24 сағат бойы, 28 елді мекенде кестемен ce берілудe.

Өткен 2019 жылы 1 елді мекеннің ауыз су жүйелері ағымдағы жөндеуден өткен болса, 5 елді мекеннің жүйелеріне қайта құру жұмыстары жасалып, пайдалануға берілген. Тағы 3 елді мекеннің жасалып жатқан ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары биыл аяқталатын болады. Сонымен қатар, 3 елді мекеннің ауыз су жүйелерін қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып жатса, 11 елді мекеннен жер асты су қорларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы тағы 2 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жасауға 300 миллион теңге қаржы бөлінген.

Айта кетейік, ауданымызда жалпы саны 20 025 абонент ауыз су жүйесіне қосылған болса, оның 11 900-не су есептегіш құралдары орнатылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.