ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ -ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ІСІ

Баланы Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек. Осынау құндылықтарды қалыптастыруда негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелері №15 М.Жұмабаев және №17 Ататүрік атындағы жалпы орта мектептерінің ұжымдарымен кездесті.
Бүгінгі білім саласының қызметкерлерімен кездесуге облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов және Ерұлан Тұңғышбаев қатысты.
Түркістанды жемқорлықтан ада өңір ету мақсатында ұйымдастырылған жиында топ мүшесі А.Абпазов мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Бұл мақсатқа жету үшін ұлағатты ұстаздар қауымының да белсенділігі қажет екенін атап өтті.
Ал, Ерұлан Икрамұлы өз сөзінде «Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бір бөлігі болып саналады. Оған Сіздердің қосатын үлестеріңіз орасан зор» — деп ұстаздарға сенім білдірді.
Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.