ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫ — АДАЛДЫҚ ОРДАСЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

Апта басында Елордадан киелі ордаға жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік өкілі Бердалин Арман Тілектесұлы облыстағы білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
Рухани кездесуге облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Қ.Жолаев, басқарма қызметкерлері мен Түркістан және Кентау қалаларындағы білім беру ұйымдарының бала-бақша, мектеп, колледж директорлары қатысты.
Ұлағатты ұстаздармен кездесу барысында Агенттік өкілі Арман Тілектесұлы ақпараттық үгіт-насихат штабының жұмысы туралы баяндай келе, «Ұлт болып ұйысудың басты тетігі — рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, әдептілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесіледі» — деді.
Ал, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев «Білімді ұрпақ тәрбиелеп, парасатты адам болып қалыптасу қажет. Біз адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстануымыз керек. Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Біз, ұрпақ тәрбиелей отырып, бүтіндей қоғам тәрбиелейміз»,-деп қорытындылады.
Айта кетсек, аталған штабтың құрамында қоғам қайраткерлері мен еңбек сіңірген жазушылар, ақын, педогог, актер, этнограф ғалымдар бар Мұндай штаб еліміздің барлық өңірлерінде жұмысы қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде.
Өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған республикалық үгіт-насихат Штабының Түркістан өңіріндегі мүшелері де облысқа қарасты барлық аудан-қала тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі күні ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.