Түркістанда «ОНЛАЙН ОҢАЙ» форумы өтті

Бүгін Түркістан облысында Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, Түркістан қаласының әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастыруымен «ОНЛАЙН ОҢАЙ» атты форум өтті.

Іс-шараға Түркістан облысында Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Болат Исақов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков жәнеТүркістан қаласының әкімі аппараты басшысы Жәнібек Наушабай қатысты.

Корпорация қызметкерлері форум қатысушылары мен келген қонақтарға электронды үкімет порталының қызметтерін қазіргі заман сұранысына ие мобильді қосымшалар арқылы, соның ішінде Egov mobile жүйесіндегі 28 қызметті бір реттік жасырын сөз, биометриялық әдістерімен алу, Телеграмдағы EgovKzBot-тен 25ке жуық, фейзбукте 15 және 19 қызметті Вкантакте қосымшалары арқылы алу жолдарын түсіндіріп, жаңа қызметтерін үйретті. ХҚТУ студенттерімен жас волонтерлар ақпараттық брошюралар таратып, ұялы телефондарына электронды қосымшаларды жүктеп берді.

«Корпорацияның негізгі мақсаттарының бірі 2019 жылы электронды қызметтер санын 80% жеткізудегі атқарған жұмыстары өз нәтижелерін көрсетті. Осы тұрғыда жыл бойына халық көп шоғырланатын саябақтар, сауда орындарында «Қалтадағы ХҚО», «Заманауи жүргізуші», «Жылжымалы ХҚО» атты акциялар, білім оршақтарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде электронды қызметтерді үйрету шаралары жүргізіліп келеді.

Алдағы уақытта да осындай акциялар, оқыту жұмыстары жалғасын табатын болады. Соның бір дәлелі бүгінгі кең ауқымды «ОНЛАЙН ОҢАЙ» форумы»-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.

Айта кетейік,іс-шараға түркістан қаласының тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ХҚТУ қызметкерлері және студенттері(волонтерлер), мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме өкілдері және БАҚ өкілдерінен құралған 300 ге жуық адам келді.

Форум соңында ақ жаулықты аналарымыз бен зиялы қауым өкілдері өз баталарын беріп , алғыстарын білдірді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.