ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Басты мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өздерінің тауарларын сатылымға шығарды.
Жәрмеңкеге 13-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 2 млн теңгеден астам 19,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарға базар нарқынан 15-20% төмен бағада ұсынылды.
Жәрмеңкеде негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері саудаланды. Аталған шара бағаларды маусымдық қымбаттаулардан тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жәрмеңке тұрақты түрде келесі күндері: 2020 жылдың 22 ақпан, 7, 21 наурыз, 4 сәуір айларында өткізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.