ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗУДЕ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда. Облыс әкімдігіне аудан-қалалардан келген 100-ге жуық  адам жиналды. Сұрақтар сан алуан. Облыс тұрғындары аймақ басшысына әлеуметтік, кәсіпкерлік, тұрғын үй мәселелері төңірегінде өтініш-тілектерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдаған облыс басшысы айтылған ұсыныстар назарға алынатынын және заң аясында оң шешімін табатынын айтуда.

Айта кетерлігі, Өмірзақ Естайұлы халықпен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Оның үстіне, тұрғындардың мемлекеттік органдарға толғандырған мәселелермен жүгінуі  жеңілдеді. Облыс әкімі аппараты басшыларының жеке қабылдауында өткен жылы 809 азамат келген, соның ішінде 400-ге жуық азамат Өмірзақ Естайұлының жеке қабылдауында болды.

2019 жылғы 21 қарашада өткен «Бірыңғай (ұлттық) азаматтарды қабылдау күні» шарасы аясында барлық деңгейдегі әкімдермен (облыс, аудан және қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерімен) 900-ден астам азамат қабылданды. Оның ішінде  778 өтініш бойынша түсіндірме беріліп, 178-і қанағаттандырылды.

Азаматтық қоғам мүддесін ескеру, өтініштермен жұмысты оңтайландыру мақсатында Түркістан қаласында «Фронт офис» орталығы  ашылып, халықпен тікелей жұмыс жүргізе бастады. Сонымен қатар, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайластыққа  төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жандана түсті.

Бұдан бөлек, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы және азаматтардың өмір сүру ортасын жақсарту мақсатында Түркістан облыстық «Жобалық кеңсе» ашылған. Аталған Кеңседе барлық салалардағы Жобаларды іске асырылуы барысына қолдау көрсетіліп келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.