ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Ағынсай және Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Өйткені, қырыққа тарта түтіні бар ағынсайлықтар мен 250-ге жуық отбасы бар үтіртөбеліктер көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
«Бүгін міне, көптен күткен көгілдір отын келіп, мәре-сәре болып қуанып жатырмыз. Біздің ауылымыздың газға қосылуына тікелей жұмыс жасаған аудан басшысына, аудандағы тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жігіттеріне айтар алғысымыз шексіз» дейді Ағынсай ауылының ақсақалы Өтепберген Мақұлбеков.
Аудандық тұрғын үй, коммуналды-шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің мәліметінше, алдағы уақытта Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылына да газ беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.