ПАРАСАТТЫЛЫҚ- БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін қалалық Ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Б.Жалмұрзаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту болып табылады.

Іс-шарада Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюқажеттігі айтылды.

Сананы өзгерту қажеттігіне тоқталған Штаб мүшесі Б.Жалмұрзаев өзіміз үшін болмаса да болашақ ұрпақ үшін жемқорлықты жою қажеттігін жеткізді. Әр қатысушыны отбасында адалдық, парасаттылық, әділдік туралы үнемі айтып отыруға шақырды.

Аталған жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдеріқатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда Агенттікпен қолға алынған жобалардың, соның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне кеңінен тоқталды.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы әр азаматтың жауапкершілігі мен міндеті айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call орталығы хабарланды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бастап Шымкентте ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды. Штабтың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілермен, халықпен, жастармен кездесіп, парасаттылық, әділдік, адалдық секілді ұғымдарды кеңінен насихаттау болып табылады.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.