ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1800-ГЕ ЖУЫҚ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингін өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов және департамент басқармасының басшысы Н.Шынтаев өңірдегі мемлекеттік қызмет пен қызметшілердің жай-күйіне тоқталды.
Департамент қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
«Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған 88 тәртіптік істің 34%-ы себепті қысқартылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте 88 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 57 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды» — деді департамент басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов.
Бүгінгі күні Түркістан облысында барлығы 610 мемлекеттік орган, яғни 449 жергілікті атқарушы және 161 орталық органдардың аумақтық департаменттері жұмыс істейді. Облыстағы мемлекеттік лауазымдар саны – 7061, нақты саны – 6604, бос лауазымдар – 457 бірлік немесе өңірдегі жалпы штаттың 6,4%-ы бос лауазымды құрайды.
Одан бөлек, өңірімізде қызметшілердің әрбір үшіншісі 30-39 жас аралығындағы белсенді жас құрамы болып табылатынын яғни облыстағы қызметшілердің орташа жасы 39,7 жас.
«Өңірдегі 4849 мемлекеттік қызметші — ерлер, 1755 қызметші — әйелдер қауымы. Облыстағы жоғары білімі бар қызметшілер саны – 6179 немесе 93,5%. «Болашақ» бағдарламасының түлектері – 10. ҚР Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 24. Ал, 425 — орта және арнаулы орта білімі бар қызметшілер» — деді Н.Шынтаев.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.