ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАШЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген жаңашылықтарды түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шараның спикерлері ретінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е. Төлебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық  департаментінің басқарма басшысы Е. Жұмабаев сөз сөйледі.

Спикерлер мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілігі туралы жеке нормаларға тоқталды.

Сонымен қатар, заңнамаға басшылықтың ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетін жүйелі түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі енгізілгендігі, бұл мемлекеттік органда немесе ол басқаратын құрылымда сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағымсыз жағдайға әкелетіндігі айтылды.

Осы тұрғыда, Жазира Әлжанова бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғатындығын атап өтті.

Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет принциптерімен өзара байланысты әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Жалпы кездесу қызу әрі конструктивті атмосферада өтті.

Іс- шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға Агенттіктің 1424Call-орталығы  бойынша ақпаратты қамтитын жадынамалар таратылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.