ТҮРКІСТАН: БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысын одан әрі кеңейту мақсатында жергілікті атқарушы аймақтардың өкілдерімен семинар-кеңес өтті.

«Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасының негізгі мақсаты — мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігін, олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілердің алдын алып, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету.

Аталған жобаның басты ерекшелігі — ашық ақпаратты, мобильділікті және тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.
Сондықтан, бұл жоба ел экономиасының тұралауына қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесуде айрықша маңызға ие.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Нұрсерік Оразалы бюджетті жариялау барысында орын алған қателіктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «интерактивті картаның» іске асырылу жолдарын талқылады.
Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.

Сондай-ақ, мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы да ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кез келген тұрғын осы процесстерді тәулік бойы бақылап, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады.

Егер жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, немесе жол қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілмесе, азаматтар интерактивті карта сайтына кіріп (www.publicbudget.kz), қала картасынан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыру қажет.

Картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер ғана емес, мектептер, емханалар сияқты барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджеттік қаражат жөнінде толық мәліметтер көрсетілген.

Бұл мектептерде іріктеуге қатысты сауалдар, емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасы, көшелерге салынған жол сапасы және құрылыс нысандарының сапасы немесе мемлекеттік органға шағым болуы мүмкін.

Түскен арыз шағымдар бойынша тиісті мемлекеттік орган жауап береді, ал егер арыз-шағымдардың ішінде сыбайластық элементтері болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен назарға алынып, Заң аясында жұмыстар жүргізіледі.

Осылайша, азаматтардың облыста орналасқан әрбір мекемеге бөлінген қаражаттың игерілуіне қатысты толық ақпаратқа қол жеткізуге жағдай жасалған.

Шара соңында қойылған бірқатар сауалдарға жауап беріліп, ақпараттық-консультациялық мәліметтер ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.