ЖАТ АҒЫМ ЖОЛДАН ТАЙДЫРМАСЫН

Діни экстремизм – қатерлі құбылыс. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық күйзелістер, саяси және діни мәселелер  оған итермелейтін факторлардың бірі болып табылады. Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу үшін атқарылған жұмыстар аз емес. Болашақта атқарылар іс те ауқымды.

Жыл басынан бері де қаламызда бұл тарапта көптеген кездесулер өтуде. Мысалы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқарма қызметкерлеріне “Діни экстремизмнің салдары мен елімізде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдар” тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің бөлім басшысы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Айтаев Икрам баяндама жасады.

Ақпараттық-түсіндіру барысында ол деструктивті діни ағымдарды азаматтарымызды психологиялық күйзеліске ұшыратып қана қоймай, қоғамдағы дәстүрлер мен мәдениетке, ұлттық қауіпсіздігімізге зор қауіп төндіретінін айтты.

«Көптеген елдер деструктивті діни ағымдардың радикалды іс-әрекеттерінен зардап шегіп отыр. Тек өздерін ғана дұрыс жолда, ақиқат жолын ұстанушылар ретінде дәріптейді. Ол ағымдардың негізгі белгілері ретінде діни түсініктерді бұрмалаушылықты, ұлттық салт-дәстүрлерді, тарих пен мәдениет сияқты құндылықтарды жоққа шығаруды, мойындамауды, вакцинация сияқты медициналық ем-шаралардан бас бартуды айтуға болады», — деді дінтанушы маман.

Сондай-ақ ол бүгінгі жас-тардың дінге көзқарасына қатты алаңдайтынын жасырып қалмады. Жастар – ел тірегі. Болашағына алаңдайтын ел жастарының тәрбиесіне баса мән береді. Бұл жайында Елбасы Н.Назарбаев та : «Қазақстанның болашағы – бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады»,-деп атап көрсеткен болатын. Яғни кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, әсіредіншілдікке салынуы маңыз-ды мәселе болып отыр. Жастар қай кезде болмасын, қоғамда үлкен күшке ие. Олар әрдайым қоғамның ең белсенді мүшесі. Олардың қуаты мен мүмкіндіктері де мол. Сондықтан әлі өмірлік тәжірбиесі қалыптаса қоймаған және еліктегіш жасқа дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отыру керек. Радикалды идеологияның ықпалында кетуінің алдын алған жөн дейтініміз де сондықтан. Ал радикалданудың салдары жақсылыққа апармайды. Ғаламтор мәселесі де бақылауда болуы тиіс. Ғаламтордағы теріс діни ағым идеологияларына шектеу қою жұмыстары жалғасып келеді. Бастысы – жастарға интернетті талғаммен пайдалануды үйрету. Дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстарын үздіксіз жалғастыру да көп ұзамай нәтижесін береді. Радикалды идеологиялардың жас ерекшелігі жыл өткен сайын жасарып келе жатқаны да бұл тарапта қауырт қимылдың, батыл қадамның жасалуы керектігін аңғартады. Мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдауды жалғастыра беретініне біздің де сеніміміз мол.

Е.Тәжиев.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.